Қызылордада полиция түнде төбелескен бір топ жігітті ұстады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жас жігіттер арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылаушы-инспекторы түнде облыс орталығындағы көшенің бірінде топқа бөлінген жастар төбелесіп жатқанын анықтады. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді.

Мәлім болғаны, жас шамасы 20-25 жастағы жігіттер сөзге келіп қалған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде жанжалға қатысушылар оқиға орнында ұсталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

«Камералардың арқасында қылмыстың «ізін суытпай» ашылу деңгейі артты. Жыл басынан бері бұл бағытта 101 қылмыс ашылып, 21 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бейнебақылау камераларының көмегімен тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішу және аумақты ластау сияқты ұсақ бұзушылықтардың үздіксіз мониторингін жүргізеді», - деді Қызылорда облысты Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.

Еске салсақ, қазан айында Қызылордада жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды.



Соңғы жаңалықтар