+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

Қызылордада полиция қызметкерлері арасында патриоттық әндер фестивалі өтті

2019 жылғы 11 қыркүйек 13:50
Бөлісіңіз:
Қызылордада полиция қызметкерлері арасында патриоттық әндер фестивалі өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада «Әр жүректе – туған жер!» патриоттық ән арт-фестивалі өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Хабар» арнасы Сentral Аsia’s got Talent шоуын көрсетеді Елордада демалыс күндері қайда баруға болады Елорда тұрғындарының назарына әйгілі түркиялық фильм ұсынылады

Фестивальға 5 облыс және Нұр-Сұлтан қаласынан келген жас қызметкерлер конкурстық бағдарламаға сәйкес өнерін жоғары деңгейде көрсетті. Композиторлар, вокалдық шеберлік оқытушылары, мәдениет қайраткерлері мен қызметкерлері қатарынан құрылған қазылар алқасы әншілік шеберлікке, таңдаған туындының мазмұнына, сахна мәдениетін ұстауына қарап байқауға қатысушыларға баға берді.

Қазылар алқасының шешімімен дуэт номинациясында Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жеңімпаз атанды. Одан кейінгі орындарды Қызылорда облысы полиция департаменті және Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы алды.

Трио номинациясы бойынша жеңіс тұғырынан Қызылорда облысының полиция департаменті көрінді. Ал Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы және Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті иеленді. Квартет номинациясында Батыс Қазақстан және Қызылорда облысының полиция департаменттері үздік деп танылды.

Мұндай фестиваль Қарағанды, Тараз және Қызылорда қалаларында өтті. Фестиваль жеңімпаздары Солтүстік Қазақстан облысының орталығы - Петропавл қаласында 2019 жылы 14-16 қазанда өтетін республикалық қорытынды фестивальға қатысады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT