Қызылордада полицейлер жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында полиция қызметкерлері қатты жел мен нөсер жаңбыр салдарынан жолда қалып қойған жолаушыларға көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндерде Қызылорда облысында қатты жел соғып, нөсер жаңбыр жауды, арты қарға ұласты. Жол үстінде мұздың қатуына байланысты Арал ауданының «Самара-Шымкент» автожолының 1 343 шақырымында жол қозғалысы шектелді. Аталмыш аумақта жолдың үстіндегі көріну жағдайы төмен болды. Соған байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» мекемесімен бірлесіп күшейтілген кезекшілік ұйымдастырды. Тиісті сала мамандары тәулік бойы патрульдік және бақылау жұмыстарын жүргізді.

«Нәтижесінде мамандар1 мыңға жуық көлікте болған 2 500-ден астам жолаушыы мен жүргізушіге қол ұшын созды. Көктайғақта жол жиегіне шығып кеткен автокөліктерге жедел көмек көрсетілді. Сондай-ақ, тасжолда әртүрлі техникалық ақауларға байланысты тұрып қалған автокөліктердің жүргізушілері мен жолаушыларына алғашқы көмек жасалды.

Осылайша дер кезінде көмек көрсету нәтижесінде бүгін сағат 08:30-дан бастап жол ашылып, қозғалыс қайта жанданды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын қызылордалық полицейлер қайықта ескексіз қалған балықшыны құтқарған еді.

Соңғы жаңалықтар