Қызылордада полицейге сыйақы берген азамат жазаға тартылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада полиция қызметкеріне 2 мың теңге сыйақы бергені үшін көлік жүргізушісі енді 200 айлық есептік көрсеткіш шамасында айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқиға Қызылордада болды. Қалаға Түркістан облысы Кентау қаласынан келген көлік жүргізушісі полиция қызметкерінен жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін құқық бұзушылық хаттама толтырмауды сұраған. Ол жол полиция қызметкерлеріне 2 мың теңге көлемінде сыйақы беруді жөн санаған. Тәртіп сақшылары бұл жөнінде құзырлы орындарға хабарлаған.

Өз кезегінде мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаға заңсыз материалдық сыйақы берген азамат Е.К-ға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 676-бабымен хаттама рәсімдеді. Аталмыш хаттама сотқа жолданды.

«Бүгінгі таңда азамат Е.К-ға сот қаулысымен екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды. Мұндай әкімшілік іс Қызылорда облысында алғаш рет қаралып отыр. Пара немесе заңсыз сыйақы алушымен қатар, оны беруші де қатаң жауапкершілікке тартылады», - деді Р Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы бас маманы Мұрат Ысқақов.

Аталмыш айыппұлдың көлемі 500 мың теңгеден асады. Егер сыйақы көлемі 2 АЕК артық болатын болса, онда ол пара ретінде бағаланады. Мұндай келеңсіз іске жол берген азаматтар қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Соңғы жаңалықтар