Қызылордада планшет пен смартфондарға арналған шыны өндіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында планшет, смартфон және өзге де гаджеттерге арналған ультражіңішке шынылар өндіретін зауыт ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңір басшысы Қырымбек Көшербаевқа сілтеме жасап.

«Биыл дайындық жұмыстарына кірісіп кеттік, келесі жылы ультражұқа шыны шығаратын зауыттың екінші кезегін салуды бастаймыз. Яғни, планшет, смартфон сынды барлық гаджеттерге арналған шыны Қызылорда облысынан шығарылатын болады», - деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Үкіметінде өткен баспасөз мәслихатында.

«Orda Glass» зауытының басшысы Ержан Сағынбаевтың айтуынша, шыны зауыты Қытайдың China Triumph International компаниясымен серіктестікте жұмыс істейтін болады және зауытта Apple, LG, Nokia сынды ірі компания өнімдеріне арналған ультражұқа әрі мөлдір шынылар өндіру жоспарланып отыр.

«Зауытта 250 адам тұрақты жұмыс орнын иеленеді және 500 адам уақытша жұмыстарды атқара алады. 2018 жылдың шілде айында Астананың 20 жылдық мерейтойына алғашқы шынымызды тарту етпекпіз», - деді Ержан Сағынбаев. 

Соңғы жаңалықтар