Қызылордада пәтер ішінде есінен танып құлап қалған қария құтқарылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық құтқарушылар пәтерінде есінен танып құлап қалған тоқсан жастағы азаматшаны ажалдан құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар саласы мамандарына қала тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Онда «Мерей» шағын ауданындағы пәтердің бірінде 90 жастағы анасының есікті ашпай жатқанын айтқан.

«Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келді. Қария төртінші қабатта тұрады екен. Құтқарушылар бесінші қабаттан терезе арқылы үй ішіне кіруге мәжбүр болды. Пәтер ішінде 1929 жылы дүниеге келген қарияның құлап жатқанын көрді. Қария тұруға мүмкіндігі болмай, кіре беріс есік алдына құлап түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақыртылып, қарт кісі дәрігерлерге тапсырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Айгүл Нұрманова ҚазАқпарат тілшісіне.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада қонақ үйден өрт шыққанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар