Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 432.47
RUB 6.12 CNY 55.78
Jańalyqtar

Қызылордада пара бермейтіндер саны артқан

2019 жылғы 6 қаңтар 14:38 1013
Бөлісіңіз:
Қызылордада пара бермейтіндер саны артқан

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында пара бермеуге деген ниет танытқан азаматтардың саны артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыр медиа» ЖШС ақпараттық талдау орталығы қызылордалық тұрғындардың сыбайлас жемқорлық мәселесіне көзқарастарын анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізген.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев айтты.

«Әлеуметтік зерттеуге қатысқан облыс тұрғындарының 66 пайызы сыйақы немесе пара бермейтіндігін айтқан. Пара бермейміз деушілердің қатары өткен жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға көбейген, - деді Б.Байхожаев.

Дегенмен де тұрғындардың 19 пайызы қиналған сәтінде пара беретінін білдірген.

Ал, «You&Me» Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау бойынша жүргізген социологиялық зерттеуіне қатысқан қызылордалықтардың 94,5 пайызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірсе,  респонденттердің 83,3 пайызы пара немесе сыйлық беру жағдайына кезікпегендігін айтқан.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT