Қызылордада пара алған станса басшысы сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облыстық департаменті «ҚТЖ ҰК - Жүк тасымалы» АҚ Қызылорда бөлімінің станса басшысы Р.Шолтабаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Р.Шолтабаев жүк вагондарын жылдам жеткізу және тазалау үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алған.

Биыл 10 шілдеде Қызылорда қаласы №2 соты Р.Шолтабаевқа 2,9 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Сот оған айыппұлды төлеу үшін 1 ай уақыт берді. Төленбеген жағдайда, бас бостандығынан айырылады.

Сотталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар