Қызылордада Отан қорғаушылар аллеясы ашылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-«Қарулы Күштердің 25 жылдығына жоғары жауынгерлік дайындық!» ұраны аясында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы үш тілді білім беретін "Мұрагер" мектебінің ауласына 25 түп ағаш отырғызып, Отан қорғаушылар аллеясын ашты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға Ауған соғысы ардагері Қайраддин Баймаханов, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері Рахметолла Мұхамбетов, Мыңділдә Ршауов, сондай-ақ мектеп ұжымы мен ата-аналар қатысты.

«Жалынды жастар, сіздер еліміздің өркендеуіне үлес қосатындарыңызға сенімдімін! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен қазақ әскерінің құрамы нығая түсті. Сондықтан да, сіздердің түн ұйқыларыңыздың тыныштығын күзететін  әскери шендегі аға-әпкелерің шекара шебіне мықты қалқан, еліміздің ішкі тәртібіне сайып қырандай жауапты. Сіздердің міндеттеріңіз сабақтарыңызды үздік оқу. Уақыттарыңды тек білім мен спортқа арнаңыздар»,  - деген тілегін білдірді Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник М. Махамбет.

Соңғы жаңалықтар