Қызылордада өсетін «Үнді қарасорасымен» күреске депутаттар кірісті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Владимир Волков Қызылорда облысында қарасораның таралуына қатысты мәселені көтерді. Осы орайда бір топ сенатор ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылорда облысының климаттық жағдайы «Үнді қарасорасын» өсіруге қолайлы. Ішкі істер министрлігінен алынған ақпаратқа қарағанда, есірткілік құрамы бойынша үндістандық қарасора Шудағы жабайы қарасорадан бес есе асып түседі», - деп тоқталды депутат.

Оның сөзіне қарағанда, тек 2017 жылы Қызылорда облысында есірткі қылмысына қатысты 475 факті анықталды, бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда, 120-ға артық. Ал 2012-2017 жылдар аралығында Қызылорда облысында анықталған есірткі плантациялары 84-ке дейін өсті.

«Статистикаға сүйенсек, тыйым салынған есірткілік өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін сотталғандардың саны 2016-2017 жылдарда және биылғы үш айда 342-ге жетті. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында - 162, Қызылорда облысында - 104. Есірткілік заттардың таралуы мен оның салдары халықтың денсаулығына елеулі түрде қатер тудырады. Осыған байланысты қалыптасқан жағдайды ерекше бақылауға алуды сұраймыз», - деді Волков.

Соңғы жаңалықтар