Қызылордада өрт бірнеше тұрғын үйге залал келтірді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында өрт бірнеше жеке тұрғын үй, қосалқы ғимараттарға және жүк көлігіне залал келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт облыс орталығындағы С. Бедебеков көшесінде орналасқан №22 тұрғын үйдің ауласынан басталады. Ұзындығы 20 метрлік ағаш қоршау мен монша шатыры өртенген.

«Жалын одан кейін У. Төрәлиев көшесіндегі №23 тұрғын үй ауласындағы ауданы 200 шаршы метр болатын қураған шөптерді шарпиды. Салдарынан сол аумақта тұрған «Mersedes-benz 1217» маркалы жүк көлігінің кабинасына от тиеді. Сол көше бойындағы №21, №25 жеке тұрғын үйлердің сыртқы пеноплекс қаптамасын, суағарын, пластик терезесін зақымдаған. Қаза болғандар мен жарақаттанғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада арыққа құлаған 3 жасар бүлдіршін көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар