Қызылордада он күннен бері хабарсыз кеткен жасөспірім қыз Алматыдан табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада он күннен бері хабарсыз кеткен 16 жастағы жасөспірім Алматы қаласы маңынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық білім басқармасы мәлім етті.

Естеріңізге сала кетелік, 25 наурызда Қызылорда қаласындағы отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылының үш тәрбиеленушісі түнгі уақыт 02.00 шамасында шығып кетіп, содан қайта оралмаған.

Арада үш күн өткенде олардың екеуі Алматыдан табылды.

Үшінші жасөспірім қыз Ділдә Нұғманова сол күйінше хабарсыз кеткен еді. 2004 жылы дүниеге келген Ділдәнің Алматы қаласы маңынан жүргені анықталды.

«Оны аптаға жуық уақыт бойы іздеу шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ол Алматы қаласы маңынан табылды. Балалар үйінің тәрбиеленушілерін іздеуге көптеген азаматтар атсалысты, Олардың қатарында полиция департаментінің мамандары, ерікті азаматтар бар. Жасөспірім қыздардың табылуына белсене араласқан белсенділер - Мая Жомарт пен Анар Ізденге, бастамашыл топ өкілдеріне алғысымызды жеткіземіз. Сондай-ақ, балаларға жанашырлық танытып, тілеулес болған барша азаматтарға құрметіміз шексіз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық білім басқармасынан.

Ведомствоның мәліметінше, қазір тәрбиеленушінің жағдайы жақсы, сала мамандарының қасында. Ал, бұдан бұрын табылған Рано мен Любовь Алматыдан Қызылордаға жеткізіліп, балалар ауылына орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар