+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қызылордада оқушыларға тарихи мұралар насихатталды

2019 жылғы 18 қазан 09:48
Бөлісіңіз:
Қызылордада оқушыларға тарихи мұралар насихатталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Туған жер – тұнған шежіре» атты эрудит-шоу өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шулыған шыңы туралы аңыз зерттеуді қажет етеді Қарағанды облысында аушы құстармен аң аулау бойынша турнир өтіп жатыр Түркістанда «Ясауитану- 2019» республикалық байқауы өтуде

Аталмыш игі шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында жүзеге асырылды.


«Сыр бойында өткеннің сайраған ізіндей, көненің көзіндей болған, тарихи-мәдени орындар жайында айтылмаған сыр, жазылмаған шежіре қаншама. Сыр өңірінің тарихи мұраларын насихаттау, көне құндылықтар арқылы адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, тарихты білу парыз екендігін насихаттауға алдымызға мақсат еттік. Бұл шараға №2 «Мұрагер» мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Сыр өңірінің ежелгі жәдігерлері мен елге қорған, пана болған ұлы тұлғаларына арналған танымдық сұрақтарға жауап берді», - деп мәлім етті кітапхана мамндары.


Сондай-ақ, оқушылар туған жерге арналған мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, логикалық сөзжұмбақтар шешті. «Туған жер – тұнған шежіре» атты кітап көрмесімен танысты.


Бұған дейін Қызылордада жастарға Қорқыт ата мұрасы насихатталған еді.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT