+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қызылордада оқушыларға ауыл өмірі насихатталды

2019 жылғы 25 тамыз 13:24
Бөлісіңіз:
Қызылордада оқушыларға ауыл өмірі насихатталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Өзекті ауыл өмірі, Қарбалас қала тірлігі» атауымен ауылдық жерлерге алты күндік саяхат өткізіледі. Ол Арал ауданы аумағында ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау мектептерінде елуге жуық «Әбіштану» кабинеттері бар Оқушының діни ұстанымын дұрыс қалыптастыру маңызды – Нұрболат Айекешов «Мектепке жол»: Жамбылдық 30 мыңға жуық балаға көмек көрсетілді

Бұл шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Мақсаты - қалада тұратын оқушылардың ауыл өмірімен етене танысуына, еңбекке араласуына ұйытқы болу, оқушы бойындағы қарым-қатынас мәдениетін дамыта отырып, олардың адамгершілік қасиеттерін дамыту және бос уақытын тиімді пайдалану, осындай ізгі істерге бастау арқылы еңбекке атсалысуына жол ашу болып табылады.

Жас ұрпақты ізгілікке бастайтын шара Арал ауданындағы «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында ашылды. Оны Қызылорда облыстық білім басқармасы, «Дарын» облыстық білім беру орталығы ұйымдастырды.

«Алты күндік саяхат «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асады. Сол үш бағыттың бірі - «Саналы азамат» балалық жобасы даму перспективаларын, еңбек нарығы мүмкіндіктерін, қабілеті мен талаптарын ескере отырып, оқушылардың бейімділігін анықтап, оларға қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, олардың кәсіби мамандық иесі атануына бағыт-бағдар береді», - деді «Дарын» облыстық білім беру орталығы директорының орынбасары Гүлжаһан Ізбасарова.

Бұл шара 24-29 тамыз күндері өтеді. Оның барысында оқушылар ауыл өмірінің тыныс-тіршілігімен танысады. Қыз балалар нан жабу, бауырсақ пісіру секілді істермен айналысса, ер балалар бақша жұмыстарына араласу арқылы суару, арам шөптерден тазалау секілді жұмыстарға көңіл бөледі. Жас өрендер киіз басу технологиясымен танысып, қамшы өру тәсіліне де зер салады. олар асық ату, ләңгі ойнау секілді ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түседі.

Аталмыш шара барасында бұдан да басқа тағылымдық істер ұйымдастырылады. Осылайша жас ұрпаққа ауыл өмірін наихаттауға жол ашылады.

Бұдан бұрын Қызылордада «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы өткізілді .



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT