Қызылордада оқушы жел генераторын жасап шығарды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық оқушы Әлихан Шәкіман 3D модельдеу арқылы жел генераторының бірегей түрін жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлихан Шәкіман Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сыныбында оқиды.

Оның айтуынша, құрылғы конус тәрізді бейнеде жасалған. Сол арқылы жел энергиясын тиімді пайдалануға және атмосфераға бөлінетін зиянды заттарды азайтуға әбден болады.null

Сыр өңірінің климаттық жағдайы аталмыш жобаны жүзеге асыруға әбден қолайлы. Бұл аймақта жел жиі соғатыны белгілі. Аталмыш генератор жел энергиясын тиімді пайдалануға жол ашады. Сондай-ақ, атмосфераға бөлінетін зиянды заттарды азайтуға мүмкіндік береді.

«Аталмыш жоба бойынша екі жыл бойы ізденіс жасадым. Алғашқыда жобаның бірнеше нұсқасы болған еді. Олардың арасынан конус тәрізді нұсқасына тоқталдық. Оның себебі де бар. Осындай пішін арқылы генератормен жел ағынының күшін еселей аламыз», - деді Әлихан Шәкіман.

Генератор арқылы жел ағынының күшін еселеуге болады. Ауа ағынының бағыты қандай? Соны реттеу арқылы оны өңдеуге мүмкіндік бар. Сол арқылы электр энергиясын өндіруге жол ашылады.

Аталмыш құрылғының диаметрі 1,5, биіктігі 3 метрді құрайды. Оны темірпластик материалынан жасауға болады.

Соңғы жаңалықтар