Қызылордада облыс әкімдігі ғимаратының 1-3 қабатына зақым келген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада террорлық акті салдарынан облыс әкімдігі ғимаратының 1-3 қабатына зақым келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдік ғимаратында есік-терезелерді сындыру, офистік техникаларды ұрлап кету, қызметтік автокөліктерді өртеу әрекеттері болған. Жалпы 1-3 қабаттағы кабинеттерге зақым келген.

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова террорлық акті салдарынан зақымданған әкімшілік ғимараттарды аралап, нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын саралады.

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан Қызылорда қаласы әкімдігіне залал келді. Аталған нысанның есік-терезесі сынған. Қалалық әкімдік 7 қаңтардан бері қалыпты жұмыс режиміне көшкен.

Террористер орталық алаңдағы әкімшілік нысандарға айтарлықтай залал келтірілген. Облыс әкімі Nur Otan партиясының облыстық филиалында террорлық әрекет салдарын жою бойынша жасалып жатқан жұмыстарды көрді. Нысанның 45 пайызы өртке оранып, мүлкіне залал келген. Қазірде шығын көлемі есептеліп жатыр.

Ал, террористік әрекет салдарынан облыстық сот ғимаратының 460-қа жуық құрал-жабдығы мен 300-ден астам кеңсе техникасы жарамсыз күйге түскен. Қазір ғимаратты тазалау мен қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған.

Өңір басшысы жөндеу жұмыстарының жүргізу және шығын көлемі нақты дәлелді есептемелермен, құжаттармен расталуы керектігін тілге тиек етті.

«Төтенше жағдай режиміне байланысты залал келтірілген ғимараттарға Үкімет резервінен қажетті қаражат бөлінеді. Ол алдағы уақытта белгілі болады. Ал оған дейін біз дайындық жұмыстарын жүргізіп, келтірілген шығын көлемін нақтылап жатырмыз. Қажетті сома бөлінген соң, қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастаймыз. Жалпы 8 әкімшілік ғимараттың шығын көлемі 6 млрд теңге көлемінде есептелді. https://kaz.inform.kz/news/kyzylordada-terrorlyk-akti-saldarynan-5-8-mlrd-tenge-koleminde-shygyn-keldi_a3884621

Аймақтағы бизнес өкілдерінің шығындарын өтеу жөнінде мемлекет міндеттеме алды. Террорлық акті салдарынан облыста 15 кәсіпкер субъектісіне зиян келіп, оның көлемі шамамен 395 миллион теңгеден асты. Бірақ басты принцип – шынайылық болу керек. Шығын көлемі нақты құжаттармен рәсімделуі тиіс», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Мұнан соң, аймақ басшысы қалалық полиция басқармасының ғимаратында болып, қалпына келтіру жұмыстарының барысын саралады.


Соңғы жаңалықтар