Қызылордада «Nur Otan» өкілдері Елбасы жобаларының іске асырылу барысын талқылады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының кезектен тыс XXIII конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев төрағалық етті. Конференцияға «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес арнайы қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның алғашқысы бойынша «Nur Otan» партиясының кезекті ХVIII съезінде партия Төрағасының тікелей тапсырмасымен қабылданған «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Бақытты отбасы», «Ауыл - ел бесігі» жобаларының нәтижелі жүзеге асырылуы мәселелері талқыланды.

Мәселен, «Халыққа көмек» партиялық жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлмира Рахметова баяндады. Ал «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясындағы жұмыстарды «Ақжарма» ауылдық округінің әкімі, «Ақжарма» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жұмабек Әлиев айтып берді.

Еңбек және партия ардагері, «Жәрдем» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сағындық Шәмшиев партия Төрағасы, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың әлеуетін арттыруға жасап отырған ерен еңбегін, сондай-ақ бұл жобалардың түп нәтижесі бақытты отбасында, бақытты елде бақуатты өмір сүруге бағытталып отырғанын тілге тиек етті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясына делегаттар сайланды.

Соңғы жаңалықтар