+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қызылордада небәрі 18 күннің ішінде 754 адам коронавирус жұқтырды

2021 жылғы 19 сәуір 14:45
Бөлісіңіз:
Қызылордада небәрі 18 күннің ішінде 754 адам коронавирус жұқтырды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында сәуір айының 18 күнінде 754 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Вакцина алмаған қызметкерлер жұмыстан қуылмайды – Асқар Сақыпкереев Коронавирус: Қазақстан қонақүйлерінде 17 мың резервтік төсек-орын дайын тұр СҚО-да той-томалақ тыйылмаған жағдайда демалыс күндеріне локдаун енгізілмек

Қызылорда облысы қазір коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасында «сары аймақта» тұр. Ал Сырдария ауданы «қызыл аймаққа» кіргізілген. Облыс орталығы мен қалған аудандар «сары» және «жасыл» аймаққа енгізілген.

«Облыста қатерлі індетті жұқтырған тұрғындардың басым бөлігі қарым-қатынас арқылы жұқтырып отыр. Сондықтан олардан барлық сақтық шараларына назар аударуды сұраймыз», - деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Өткен тәулікте облыста 35 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 24-і Қызылорда қаласында тұратын болса, аудандар бойынша Жаңақорғанда -5, Шиелі мен Қармақшыда - 2, Жалағаш пен Сырдарияда - 1 адам тіркелді.

Еске салсақ, Қызылорда облысында 19 732 адам коронавирусқа қарсы вакцина қабылдады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT