Қызылордада Наурыз көже молынан таратылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат. Сыр өңірінде биыл алғаш рет Көрісу күні шарасы атап өтілді. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында өткен игілікті іс жергілікті жұртшылық тарапынан үлкен қолдау тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Облыс орталығында орын тепкен «Сыр сүлейлері» аллеясы бұл жолы ерекше безендірілген. Аталмыш алаңда алыстан менмұндалап тұрған аңшаңқан киіз үйлер тігілген. Осы аумақта ұлттық ойындар ұлықталып, онда жастар өзара бақ сынасып жатты. Ән мен жырдан шашу шашылып, мың бұралған бишілер өз өнерлерін көпшілікке тарту етті. Қалың көпшілік бір-бірімен қауышып, жүрекжарды ізгі лебіздерін білдіріп жатты.

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов жұртшылыққа құттықтау лебізін білдірді.

null 

«Ежелгі кезеңнен бізге мирас болып жеткен құндылықтарды бүгінгі ұрпаққа жеткізу жөнінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында кеңінен қамтылған.  Күн мен түн теңескен Наурыз мерекесі қарсаңында осындай ұлағатты істі ел арасында кеңінен насихаттауға мән беріп отырмыз. Келешекте бұл кең ауқымда жалғасын таба береді», - деді әкімінің орынбасары.

null 

Аталмыш шара барысында жиналған халық аңшаңқан киіз үйлер ішіне кіріп, кеңінен жайылған дастархан басында ұлттық дәмдерден ауыз тиді. Ұлық мейрамның басты дәмі - Наурыз көже келген қонақтарға молынан тартылды.

null 

Наурыз мейрамына орайластырылған шаралар тізбегі Қызылордада осылайша Көрісу күні шарасынан бастау алды. Ұлық мерекені ұлықтаған мәдени шаралар жылдағыдай ай бойына жүргізіледі. Кейінгі кезеңде қызылордалық ағайын атаулы мейрамды осылайша кең ауқымда тойлауды жолға қойып отыр.

null null null null 

Әділет Қаңтарбаев

Соңғы жаңалықтар