+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қызылордада науқастардың 80 пайызы коронавирус дертінен айықты

2020 жылғы 14 тамыз 01:23
Бөлісіңіз:
Қызылордада науқастардың 80 пайызы коронавирус дертінен айықты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада коронавирус індетіне шалдыққан науқастардың 80 пайызы ауруынан айығып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бейжіңде тікелей халықаралық рейстер тоқтатылуы мүмкін Ақмолалықтар коронавирус індетінің екінші толқынына дайындалып жатыр Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан 5 адам қайтыс болды

Бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен 3199 адам тіркелген. Оның ішінде Қызылорда қаласынан -1920, Аралдан – 114, Қазалыдан - 101, Қармақшыдан - 137, Жалағаштан - 111, Сырдариядан - 180, Шиеліден - 283, Жаңақорған ауданынан – 353 адам қатерлі індетке шалдыққан.

Кеше, 12 тамызда коронавирус инфекциясымен 4 жағдай анықталды Оның 3-уі Қызылорда қаласынан болса, 1 дерек Шиелі ауданынан тіркелді. Олардың 4-еуі де скринингтік тексеруден анықталған. Жалпы емделіп шыққан науқастар саны - 2556. Ол облыс бойынша індетті жеңген науқастардың 80 пайызын құрайды.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында тұрғындардың жедел жәрдем қызметіне жүгіну жағдайы да қалыпқа түсті. Қазір аталған қызметке жүктеме індетке дейінгі күнделікті шақырту қабылдау деңгейіне түсіп отыр. Яғни ахуал тұрақталып, шақырту саны да азайды.

Шақыртулар саны індет өршіген маусым-шілде айларымен салыстырғанда 56,8%-ға төмендеді. Оның ішінде тыныс алу жолдарының аурулары 6 есеге кеміді. Шақырту саны көбейген тұста ол күнделікті 1000-нан астам жағдайды құраған еді. Бүгінде шамамен 150-170.

Сондай-ақ, Жаңақорғандағы аурухананың инфекциялық бөлімінен соңғы науқас емделіп шықты.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT