Қызылордада наркологиялық орталықта есепте тұрғандар саны кеміп келеді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында наркологияық орталықта ем алғандар қатарында жасөспірімдер де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті наркологиялық диспансерде 17 жастағы жасөспірім де ем алған. Сондай-ақ, наркологиялық диспансерде есепте тұратындардың 74-і 30 жасқа дейінгі азаматтар.

«2017 жылы наркологиялық орталықтың есебінде 860 адам есепте тұрған еді. Ол былтыр 733 адамды құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда есепте тұратындар 127 адамға кеміді. Дегенмен орталыққа 196 адам біздің орталыққа алғаш рет тіркелген. Ұзақ емделіп біздің есептен шығарылатын азаматтар да бар. Олар өздерінің қателігін жастар қайталамаса деген ойын білдіріп жатады», - деді Қызылорда облыстық наркология орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Гүлайым Сейілханова.

Өткен жылы орталықтың мәжбүрлеп емдеу бөлімінде 199 адам ем шараларын қабылдаған. Осы ретте мамандар мәжбүрлі емдеуден көрі өз еркімен емделген жандардың 90 пайызында жақсару нәтижесі байқалатынын айтады.

Соңғы жаңалықтар