Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ондағы деректерге қарағанда, 3 желтоқсан күні Қызылорда қаласы полиция бөлімінің «102» арнасына мұз астында белгісіз адамның мәйіті жатқаны жөнінде хабарлама түскен.

Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасады»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар