20:43, 31 Шілде 2021 | GMT +6
Қызылордада мұнай және газ қалдығының жануынан үш адамды күйік шалды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мұнай және газ қалдықтары жануы салдарынан үш адам күйік шалып ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Сырдария ауданы аумағындағы «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының бойында орналасқан «Кеңлік» кен орнындағы «Смарт Ойл» ЖШС тиесілі аумақта бүгін, 31 тамызда сағат түнгі 01.15-те болған.
«Бұл жөніндегі хабар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметіне 02.50-те келіп түсті. Өрт толығымен жойылды. Оқыс оқиғадан 1963 жылғы бір және 1997 жылғы екі адам түрлі термиялық күйікпен облыстық ауруханаға жатқызылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада балалар ойын-сауық орталығы өртенді .