+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Қызылордада мұнай өнімін заңсыз сатқан 25 жастағы тұрғын сотталды

2021 жылғы 5 мамыр 14:50
Бөлісіңіз:
Қызылордада мұнай өнімін заңсыз сатқан 25 жастағы тұрғын сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мұнай өнімін заңсыз сатқаны үшін 25 жастағы тұрғын сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Bek Air ұшағының апаты: Жерді заңсыз сатқандар сотталды Биыл Қазақстан 22 млн тонна мұнайды шетелге экспорттады Елорда тұрғыны ойын алаңында жүрген балаларды бір-бірімен төбелесуге мәжбүрледі

Шиелі ауданында тұратын 1996 жылғы азамат 2017 жылы жеке кәсіпкерлік ашып, содан бастап бензин және дизель отынын көтерме саудада өткізуге қатысты жекелеген қызмет түрлерімен айналысқан. Аудан орталығынан жанармай бекетін жалға алған. Бірнеше заңды тұлғаға келісім-шарт негізінде қызмет көрсеткен.

«2019 жылы оның кәсібінде заңсыз әрекеттер пайда болған. Атап айтқанда, заңды тұлғаларға жеткізіп беру үшін келісім-шартта көрсетілген дизель отынының бір бөлігі құжатта расталмаған. Сот-бухгалтерлік зерттеу сараптамасы ол «Біріңғай деректер қоймасы» ақпараттық жүйесімен тапсырылған салық есептілігінде көрсетілмегенін анықтады. Осылайша заңдылығын растайтын құжатсыз мұнай өнімдерін аса ірі мөлшерде тасымалдаған. Нәтижесінде қылмыстық жолмен түскен табыс болып табылатын мүлікті айналымға тартып, пайдаланғаны мәміле жасасқан тұлғалардың көрсетуімен толықтай өз дәлелін тапты. Бұл әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатады», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінен.

Ведомство мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен, 218-бабы 1-бөлігімен кәсіпкерге 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жалған ақшамен жергілікті тұрғындарды алдаған жігіт сотталды.

https://lenta.inform.kz/kz/kyzylordada-zhalgan-akshamen-zhergilikti-turgyndardy-aldagan-zhigit-sottaldy_a3759501


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT