Қызылордада мұнай кеніші аймағында адам сүйегіне ұқсас қаңқалар табылды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мұнай кеніші аймағында адам сүйегіне ұқсас қаңқалар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Жалағаш ауданы аумағында орналасқан «Майбұлақ» кеніші аймағында болған. Сол аумақтан адам сүйегіне ұқсас қаңқалар табылған.

«Бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс атқаруда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабының талабына сәйкес әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлжахан Қайырбергенова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада мүгедектердің жәрдемақысын жымқырып, оны құмар ойындарына жұмсағандар ұсталды.

Сондай-ақ, Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды.



Соңғы жаңалықтар