Қызылордада мотоцикл аударылып, екі адам көз жұмды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға Қызылорда облысы Арал ауданы аумағында орын алды. Аудан орталығы мен Жақсықылыш ауылы аралығындағы ішкі жолда Сексеуіл кентінде тұратын ИЖ маркалы мотоцикл жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай қалған. Соның салдарынан мотоцикл жолдан шығып, аударылған. Мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

«Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Онда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі мен көлік құралдарын пайдалану қағидасын бұзуы көрсетілген», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлжаһан Қайырбергенова ҚазАқпарат тілшісіне.

Соңғы жаңалықтар