USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қызылордада мемлекетке 150 млн астам теңгеге залал келтіргендер сотталды

2021 жылғы 7 желтоқсан 19:20
Бөлісіңіз:
Қызылордада мемлекетке 150 млн астам теңгеге залал келтіргендер сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаражатты қолма-қол ақшаға заңсыз айналдыру үшін жарамсыз мәмілелер жасасқан қылмыстың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Есірткі бизнесі: Трансұлттық қылмыстық топтың тағы бір мүшесі ұсталды Украиналық сарбаз қарудан оқ жаудырып, 5 адамды өлтірді, 5-еуі жарақаттанды Жамбыл облысында террористік қауіптіліктің «қызылғылт сары» деңгейі белгіленді

Қылмыс «Stop-обнал» жедел-алдын алу шарасы барысында анықталған.

Адамдар тобы қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында басқа кәсіпорындармен жарамсыз мәмілелер жасасқан.

«Бұл мақсатта алдын ала уағдаласып, серіктестіктердің бірінің атынан облыстың 20-дан астам компаниясына салық төлеуден жалтару бойынша «қызмет» көрсеткен. Жалған бухгалтерлік құжаттарды заңсыз жазып берген. Жасалған жұмысы үшін әрбір мәміленің жалпы сомасының 4-6%-на дейін сыйақы алып отырған. Салдарынан мемлекетке 150 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілген.

Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен серіктестік басшысымен бірге 5 адам ҚР Қылмыстық кодексі 216-бабы 3-бөлігімен бір жылға бас бостандығынан айырылды», - деп мәлім етті департаменттен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 16 адамды сан соқтырған алаяқ ұсталғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT