Қызылордада «Мектепке жол» акциясы аясында 8,6 мың балаға көмек көрсетілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында қала мен аудандар бойынша бюджет және бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен 8 605 балаға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның ішінде 5 283 балаға бюджет, 3 322 балаға демеушілік есебінен көмек көрсетілді. Сондай-ақ, «ҚазГерМұнай» компаниясы 320 балаға, «Сыр мейрімі» -100 балаға, «Ел Арай» қоры 137 балаға, Қызылорда қалалық әкімдігі 145 балаға, облыстық басқармалар 23 отбасыға қол ұшын созды.

Айта кетейік, «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылып, жұмыс жасауда. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады.

Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасай отырып, жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, оның атаулық пен ашықтықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Түскен қаражатты ақшалай алу мүмкін емес, тек заттай беріледі.

Соңғы жаңалықтар