Қызылордада мекемеге 57 млн теңге көлемінде шығын келтірген ұрылар ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында салынып жатқан электростанциясынан алюминийден жасалған құнды кабель ұрлаған үш тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңақорған аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты Шалқия кентінде орналасқан мекеме басшысынан арыз келіп түсті.

Онда өздері салып жатқан электростанциясынан алюминийден жасалған құнды кабель ұрланғаны айтылған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 1, 3-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұрлық салдарынан мекемеге 57 млн теңгеге жуық шығын келтірілген. Жедел іс-шаралар нәтижесінде ауданның 3 тұрғыны қолға түсті. Олар 15 наурыз-12 сәуір аралығында қымбат кабельдер мен металл өнімдерін ұрлаған. Оларды Жаңақорған-Шалқия тас жолына дейін жаяу тасып, одан әрі кент орталығына ұрланған заттарды автокөлікпен жеткізіп отырған. Алюминий кабельдін облыс аумағындағы металл қабылдайтын орындарға өткізген. Оған қоса көрші өңірлерге жіберіп отырған. Ұрланған заттардың бір бөлігі айғақ зат ретінде тәркіленді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада 200 млн теңге салықтан жалтарған кәсіпкерге үкім шықты.


Соңғы жаңалықтар