Қызылордада мас күйінде жүк көлігін жүргізген адам ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада мас күйінде жүк көлігін басқарған адам 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы Жаппасбай батыр көшесінде «КаМАЗ» маркалы жүк автокөлігін тоқтатты. Нәтижесінде 43 жастағы көлік жүргізушісінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды.

«Автокөлік айып алаңына қойылды.

Қызылорда облысының сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қызылордада жыл басынан бері 1 мыңға жуық адам мас күйінде көлік жүргізген.


Соңғы жаңалықтар