Қызылордада Манап Көкеновтің домбырасы жарты ғасырға жуық сақталып тұр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде айтыстың ақтаңгері атанған Манап Көкеновтің домбырасы жарты ғасырға жуық сақталып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық тарихи-өкетану музейінің ғылыми қызметкері Ләззат Жалғасбайқызының айтуынша, қазақ еліне аты мәшһүр Манап Көкеновтың қолының табы тиген, саусағының ізі қалған қара домбыраға мұнда келушілер үлкен қызығушылық білдіреді. Домбыра облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Мәдениет және өнер» залында орналасқан.

«1972 жылы қыркүйек айында Кентау қаласының «Ачполиметалл» комбинатының ұжымы Манап ақынмен кездесу кешін ұйымдастырады. Сол кеште айтыскер ақынның өнеріне тәнті болған комбинат ұжымы оған домбыра тарту етеді. Оған дәлел домбыраның бетіне ойылып жазылған қолтаңба. Аталған құндылық өңделген қарағайдан құралып жасалған. Басынан шанағына дейінгі аралық оюмен көмкеріліп, безендірілген», - дейді музей қызметкері.

Айта кетейік, Манап Көкенов 1928 жылы Жаңақорған ауданы Ескі Талап ауылында дүниеге келген. Қазір аталған елді мекен ақынның есімімен аталады.

«Ақынның таланты мен өнеріне разы болған Әбділдә Тәжібаев «Манаптың өзі – бір театр» деп өшпес баға берген екен. Манап ақынның Сыр сүлейлерінің өшпес өнегесін жалпақ жұртқа танытты», - дейді Ләззат Жалғасбайқызы.


Соңғы жаңалықтар