Қызылордада мал іздеуге шыққан тұрғын адасып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мал іздеуге шыққан тұрғын қатты жел тұрып, күннің күрт суытуы салдарынан адасып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалағаш ауданына қарасты Аламесек ауылында тұратын 46 жастағы азамат 3 қараша күні сағат 15.00-де мал іздеуге шыққан. Сол кеткеннен хабарсыз қалған азаматты құтқарушылар және жергілікті тұрғындар күшімен іздеу шаралары жүргізілді. Жоғалған азамат бір күннен кейін тоғай ішінен аман-есен табылды.

«Бүгінгі күндері Қызылорда облысында ауа-райының суыту жағдайы байқалып отыр. Сондықтан жергілікті тұрғындардың барлық сақтық шараларына назар аударуын сұраймыз», - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.

Бұдан бұрын қызылордалық полицейлер қайықта ескексіз қалған балықшыны құтқарды .

Соңғы жаңалықтар