Қызылордада мал іздеуге шығып адасып кеткен тұрғындар құтқарылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап елді мекені аумағында мал іздеуге шығып, адасып кеткен Қызылорда қаласының 2 тұрғыны құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісіне қаланың 2 тұрғыны мал іздеуге шыққандығы жайлы хабар келіп түседі. Хабар келісімен оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары адамдарды құтқаруға және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті.

«Осының нәтижесінде 3 құтқарушы КаМАЗ автокөлігімен жолға шықты. Іздестіру  жұмыстары барысында жасақ құтқарушылары Жалағаш ауданына қарасты Жаңаталап елді мекенінен 40 шақырым қашықтықта Сарыкөл атты учаскеден қала тұрғындары Р.Қайырбек пен М.Әбжаппаров табылды. Олардың көліктері бұзылып қалған болып шықты», - деп хабарлайды Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында құтқарушылар автокөліктерін жөндеуге көмектесті. Олар медициналық көмек қажет етпеді. Тоңып қалған автокөлік иесі мен жолаушысы Қызылорда қаласына дейін жеткізілді.

Естеріңізге сала кетелік, жақында Қызылорда-Жезқазған жолында қалған жолаушылар құтқарылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар