Қызылордада қымбат көліктерді алдап сатып жіберген алаяқ ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қымбат көліктерді алдап сатып жіберген алаяқ ұсталды. Ол жәбірленушіге 27 млн теңге шығын келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны алаяқтық дерегі туралы арыз түсірді. Тексеру барысында тамыз айында оны алаяқ азамат авто орталықтың бірінде менеджер болып жұмыс істеймін деп сеніміне кіргені анықталды. Сол бойынша орталық арқылы автокөліктерді сатып беремін деп қымбат көліктерді иемденіп алған.

«Ол қала тұрғынын алдап, автокөліктерді сатып жіберген. Қала тұрғыны өзінің алданып қалғанын түсініп, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жүгінді. Жәбірленушіге келтірілген шығын - 27 миллион 600 мың теңге. Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде осы жайтқа қатысты 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазір күдікті азаматтың алаяқтық іспен айналысқаны дәлелденді. Бұл бойынша ҚР 190-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу әрекеті жүргізілуде. Онда ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада көшеде қару ұстап жүрген тұрғын ұсталды.


Соңғы жаңалықтар