Қызылордада қымбат көлік сатып алып, 6 жылдан бері ақшасын бермей жүрген тұрғын ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада алты жылға жуық уақыттан бері сатып алған қымбат көлігінің ақшасын бермей жүрген 34 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде 27 ақпанда жергілікті тұрғын полицияға хабарласқан.
Ол өз арызында 2015 жылдың желтоқсан айында «Toyota Land Cruiser» автокөлігін қолхат арқылы сатқанын көрсеткен.
Бірақ, сатып алушы содан бері ақшасын қайтаруға асықпаған.
Жәбірленушіге келтірілген залал сол кездегі ақшамен есептегенде 2 млн теңгеге жуық қаржыны құрайды.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтады. Қолға түскен 34 жастағы ер адам өз әрекетін толықтай мойындады.
Қолхат арқылы көлік сатып алғанын, бірақ төлемін жасамағанын айтты.
«Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-баптың 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Онда алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолы, бөтен мүлiкке құқықты иемдену жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
- Ақтауда ер адам дүкенге қарақшылық шабуыл жасады
- Қызылордада 42 жастағы ер азамат алғаш рет төлқұжат алды
- ШҚО тұрғыны полицияға 1889 жылы шыққан қаруды тапсырды
- Қызылорда облысында карантин талаптары күшейтілді
-
Көкшетауда өзіне қол салмақ болған 2 бойжеткен құтқарылды
-
Қызылорда облысында қоғамдық жұмыстан жалтарған тұрғын бас бостандығынан айырылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам