Қызылордада Күйіккескен қалашығын зерттеуге көңіл бөлінді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында орын тепкен ортағасырлық Күйіккескен қалашығында биыл археологиялық зерттеулер жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Аталмыш археологиялық зерттеу жұмыстарына отандық және шетелдік мамандар да тартылды. Олардың қатарында «Археологиялық экспертиза» ғылыми-зерттеу ұйымының директоры, ЮНЕСКО эксперті, ҚР дүниежүзлік ұлттық мұра комитетінің бас хатшысы Д. Воякин, аталмыш ғылыми-зерттеу ұйымының археологтары А.Долгушев пен М.Гурулев, Tandy институты ассоциациясының ғылыми қызметкері, PhD, тарихшы-археолог С. Гильберт бар. Жақында Қызылордада олардың қатысуымен семинар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл шараға музей мен ескерткіштерді қорғау мекемесі қызметкерлері қатысты.

Күйіккескен қалашығы оғыздар астанасы - Жанкент шаһарының маңында орын тепкен. Ол Жанкенттен 15-20 шақырымдай жерде орналасқан. Алғаш 1946 жылы ресейлік зерттеуші Сергей Толстов басқарған Хорезм экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Соңғы жаңалықтар