Қызылордада құтқарушылар көлік ішінде қысылып қалған адамды шығарды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында құтқарушылар көліктер соқтығысуы салдарынан көлік ішінде аяғы қысылып қалған адамды шығарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін, 1 тамызда сағат 11.20 шамасында Жаңақорған кенті тұсындағы дариядан өтетін көпір үстінде болған. Сол аумақта «КаМАЗ» жүк көлігі мен «Toyota Carina» жеңіл көлігі соқтысып қалған.

«Оқиға барысында жеңіл көлік жүргізушісінің аяғы қысылып қалған. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, тиісті құрылғымен оны шығарды. Сол орнында оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметіне табысталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада мұнай және газ қалдығының жануынан үш адамды күйік шалды.

Соңғы жаңалықтар