Қызылордада құрылыс саласында цифрландыру бағытында маңызды жобалар енгізіліп жатыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында цифрландыру бағытында маңызды жобалар жүзеге асты. Мұндай оңды өзгерістер құрылыс саласында өз жемісін беріп келеді.

Бұл туралы Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылауы басқармасының басшысының міндетін атқарушы Марат Мырзабеков журналистерге мәлімдеді.

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлу қажеттігі атап көрсетілген.

«Осы бағыттағы «TexStroi-Smart» жобасы облыс көлеміндегі техникалық қадағалау сарапшыларына оңтайлы болып отыр. Жоба бойынша ай сайынғы есептерді басқармаға кез келген жерден электронды түрде жолдауына мүмкіндік жасайды. Тағы бір тиімділігі басқарма қызметкерлерінің кәсіпкерлік субъектілерімен тікелей қарым-қатынаста болу түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі жойылды»,-деді Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылауы басқармасының басшысының міндетін атқарушы Марат Мырзабеков.

Оның сөзінше, құрылыс саласына енген «Halyq Monitoring» жобасы бойынша салынып жатқан құрылыс нысандары туралы барлық деректерді арнайы сайтта орналастыру арқылы оған халықтың қолжетімділігін, ашықтығын қамтамасыз етуге жол ашылды. Бұл жоба құрылыстың сапасына қатысты тұрғындармен кері байланыс орнату жолымен болған заңбұзушылықтарды дер кезінде жоюға жағдай жасауды көздейді. Бұл өз кезегінде бақылау шараларының тиімділігін арттыруға, құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуына жол ашады.

Айта кетейік, басқарма тарапынан көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызметтің 4-уі электронды жүйе «Е-лицензия» порталына көшіріліп, тұрғындарға 299 қызмет көрсетілген. Оның 125-і сарапшылық қызметке аттестаттауға, 174-і лицензиялауға бағытталған.


Соңғы жаңалықтар