Қызылордада күдікті мал ұрлығы үстінде қолға түсті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық жігіт Шиелі ауданы Бірлестік ауылы тұрғынының қорасынан бес бас ұсақ малды ұрлап бара жатқан жерінен қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, учаскелік полиция инспекторы Дархан Мажиханов пен жергілікті тұрғындар сұғанақ қолды жігітті тап бастырмай ұстады. Бұл қылмыс жөнінде Шиелі аудандық полиция бөліміне хабарланған.

«Тексеру барысында күдіктінің Қызылорда қаласына қарасты Маханбетов ауылының тұрғыны екені анықталды. Ол қойларды ұрлап, оқиға орнына бой тасалап кетпекші болған. Сол кезде күдікті учаскелік полиция инспекторы мен жергілікті тұрғындар оны ұстап алды. Уақ малдар қолхат арқылы жәбірленушіге қайтарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталмыш мал ұрлығы дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар