Қызылордада кредит алып беремін деп жұртты сан соқтырған алаяқ ұсталды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада екі адамнан 10 млн теңгеден астам қаржыны алдап алған қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны былтыр танысы несие алуға көмек беремін деп, 2 млн 300 мың теңгені алдап алғаны жөнінде арыз түсірді.

Сол күні полицияға алаяқтық дерегі туралы тағы бір арыз келіп түсті. Мәлім болғанындай, 2019 жылдың наурыз-желтоқсан айларында белгісіз азаматша «үй алуға көмек беремін» деп алдау-арбау жолымен ақша жымқырған. Келтірілген шығын мөлшері -

8 миллион 350 мың теңге.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері бұрын сотталған 50 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда бірнеше рет жасалған алаяқтық жағдайы көрсетілген. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада бөтен біреудің атына онлайн несие рәсімдеген 64 алаяқ ұсталды.



Соңғы жаңалықтар