Қызылордада коронавирусқа шалдыққан науқастардың 96 пайызы жазылып шықты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирусқа шалдыққан науқастардың 96 пайызы жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Өңір коронавирус ахуалын бағалау матрицасында «жасыл» аймақта тұр.

Айта кетейік, 2020 жылдан бері коронавирус инфекциясына 6 666 адам шалдыққан. Олардың арасында Қызылорда қаласында - 3 942 науқас анықталса, аудандар бойынша Аралда - 249, Қазалыда - 322, Қармақшыда - 322, Жалағашта - 215, Сырдарияда - 414, Шиеліде - 509, Жаңақорғанда - 693 адам індет жұқтырған.

«Қазіргі дейін өңірде коронавирус инфекциясынан 16 адам көз жұмған. Олардың 9-ы Қызылорда қаласында тіркелсе, қалғаны аудандардың үлесіне тиеді. Биыл өңірде 3 274 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Өткен тәулікте облыста олардың қатарына тағы сегіз адам қосылса, 36 науқас емделіп шықты. Былтырдан бері коронавирусқа шалдыққан адамдардың 96% жазылып шыққан», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске салсақ, Қызылорда облысында 90 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.


Соңғы жаңалықтар