+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Қызылордада коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын егу басталды

2021 жылғы 22 ақпан 20:01
Бөлісіңіз:
Қызылордада коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын егу басталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын егу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Ақмола облысы «жасыл аймаққа» өтті Коронавирустан емделіп жатқандардың арасында 53 адамның жағдайы өте ауыр 224 адам коронавирус пневмониясынан жазылып шықты

Ақпан айының басында өңірге «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы жеткізіліп , ол жергілікті тұрғындарға егілді. Олардың 939-ы медицина қызметкері болса, 61-і басқа да ерікті түрде келген қала тұрғындары.

Бүгін тағы 1 мың доза облысқа жеткізіліп, бұдан бұрын екпе қабылдаған азаматтарға араға үш апта салып, екінші мәрте дозаны егу жұмыстары жүргізілуде.

Сала мамандарының айтуынша, бұл жолғы екпе алдыңғы вакцинаның әсерін күшейтеді. Әрі ағзадағы қорғаныш қабілетін арттырады.

«Өзім ерікті түрде ақпанның бірінде алғашқылардың бірі болып екпені салдырдым. 21 күн уақыт өтсе де екпенің еш кері әсерін байқамадым. Сол себепті бүгін екпенің екінші кезеңінен өттім. Біз бүкіл елді дүрліктірген коронавирус инфекциясын тұрғындар сақтық шараларын толық жасағанда ғана жеңе аламыз. Ал екпенің бұл ретте пайдасы зор. Сондықтан қазір халық арасында вакциналаудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Айта кетейік, «Спутник V» ресейлік вакцинасының екінші дозасы қалалық №1-ші, №3-ші және №6-шы емханаларда жүргізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT