Қызылордада коронавирус жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында өткен тәулікте 399 адам коронавирус жұқтырды. Бұл - пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір өңірде коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз. Биылғы жылдың 13 қаңтарынан бастап облыс «қызыл» аймақта.

«Қаңтар айының 19 күнінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың барлығы 2 622 жағдайы анықталды. Бұл - өткен жылғы желтоқсанда тіркелген көрсеткіштен 22 есеге жоғары. Өткен тәулікте 399 адам коронавирус жұқтырды. Пандемия басталғаннан бергі өңірде мұндай көрсеткіш тіркелмеген болатын. Олардың арасында 247-і Қызылорда қаласында тіркелсе, аудандар бойынша Аралда - 16, Қазалыда - 18, Қармақшыда -13, Жалағашта - 16, Сырдарияда -11, Шиеліде - 42, Жаңақорғанда - 36 адам қатерлі індеттің құрығына ілікті», - деп мәлім етті Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Тәулікте анықталған барлық жағдайдың 58-і 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында анықталды.

Дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тамақтың ауыруы, жөтел сияқты клиникалық белгісімен 147, симптомсыз 252 дерек анықталды.

Еске салсақ, Қызылорда облысында «Pfizer» вакцинасын 19,2 мың адам салдырды.


Соңғы жаңалықтар