+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың жағдайы қалай

2020 жылғы 30 наурыз 14:10
Бөлісіңіз:
Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың жағдайы қалай

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облысында тағы үш адам коронавирус жұқтырып, олардың жалпы саны 5-ке жетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов науқастардың жағдайы жайында журналистермен өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын аталған ауруға байланысты 2 жағдай тіркелген болатын. Енді олардың қатарына тағы үшеуі қосылып отыр. Бүгінгі тіркелген дерек лабораториялық зерттеулер арқылы нақтыланды.

«Бүгін тіркелген үш науқастың біреуі бұдан бұрынғы екі науқаспен қарым-қатынаста болған. Қазір Жаңақорған ауданаралық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Оның шағымы - жалпы әлсіздік және дене қызуының көтерілуі. Екінші науқас 20 наурызда науқас АҚШ-тан келген. Ол 1В санатына енгізілген мемлекет болғандықтан үй карантиніне алынған еді. Кеше дене қызуы көтерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Алынған анализі оң нәтиже көрсетті. Оның жағдайы қанағаттанарлық, ол дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Үшінші азамат Қызылорда қаласында тұрады. Оның дене қызуының көтеріл, улану симптомдары байқалып, денесінде бөртпе пайда болған. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында зерттеу жүргізіліп, диагнозы нақтыланды. Ол осы уақытқа дейін қызылша ауруы бойынша шағымданған еді. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес, науқастардың емі жүргізілуде. Қызылшамен ауырып түскен науқастың жағдайы кешегі күнге қарағанда жақсарып келеді», – деді Жақсылық Абдусаметов.

Оның айтуынша, Қызылорда қаласы мен облысты карантинге жабу мәселесі қаралуда. Нақты шешім кейін белгілі болады.

Бұдан бұрын Қызылордада 28 наурызда коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелсе , 29 наурызда ол науқаспен қарым-қатынаста болған медбикеден де сол диагноз нақтыланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT