Қызылордада коронавирус жұқтырғандар арасында бір жасқа дейінгі нәрестелер саны басым

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар арасында бір жасқа дейінгі нәрестелердің үлесі басым, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен тәулікте 74 адам коронавирус жұқтырды. Олардың арасында 48-і Қызылорда қаласының тұрғыны болса, аудандар бойынша ол Қазалыда - 3, Қармақшыда - 7, Жалағашта - 6, Сырдарияда - 6, Шиеліде - 2, Жаңақорғанда - 2 адам тіркелді.

Облыста індеттің ірі ошағы - Қызылорда қаласы. Аудандар үлесі бойынша індет ошақтары Шиелі және Жаңақорғанда анықталған.

«Барлық жас аралығындағы азаматтар арасында коронавирус инфекциясына шалдығу дерегі бар. Дегенмен басым көпшілігі 20-29, 30-39 жас аралығындағы жастар арасында анықталуда. Сондай-ақ 14 жасқа дейінгі балалар арасында белсенділік байқалады. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі сәбилердің үлесі басым», - деп мәлім етті облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомство мәліметінше, өңірде коронавирус инфекциясы анықталғаннан бастап індет жұқтырған 23 мыңнан астам адам тіркелсе, науқастардың 90 пайызы емделіп шықты.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында 43 253 адам ревакциналаудан өтті



Соңғы жаңалықтар