+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Қызылордада коронавирус жұқтырған екінші адам - медбике

2020 жылғы 29 наурыз 15:01
Бөлісіңіз:
Қызылордада коронавирус жұқтырған екінші адам - медбике

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған екінші адам кешегі науқаспен қарым-қатынаста болған медбике болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов айтты.

Анықталған екінші науқас Қызылорда қаласында тұрады. Жергілікті емхананың бірінде медбике болып қызмет атқарады. 1997 жылы дүниеге келген ол кеше анықталған науқаспен қарым-қатынаста болған. Оған медициналық бақылау жұмыстарын жүргізген.

«Қазіргі жағдайда екінші науқастың күрделі шағымы жоқ. Тек тамағының ауруы белгісі бар. Дене қызуы қалыпты. Тыныс жетіспеушілігі жоқ. Жөтел де байқалмайды. Зерттелген сынама оң нәтиже бергендіктен оған коронавирус диагнозы қойылды. Қазіргі кездегі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр», - деді Жақсылық Абдусаметов.

Қазіргі таңда 1А категориясы елдерінен келген 32 адам карантиндік бақылауға алынған. Оның ішінде, 9-ы стационарда, 23-і үй жағдайында. Бұған қоса, 1Б елдерінен келген 94 адам карантиндік бақылауда ұстап отырмыз. Оның 12-і стационарда, 82 үй жағдайында.

Еске салсақ, кеше Қызылордада коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелген болатын.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT