Қызылордада коронавирус жұқтырған адам тіркелді деп жалған айтқан тұрғын анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған адам тіркелді деп, ауыл тұрғындары үйлерін тастап қашып жатқаны жөнінде жалған айтқан тұрғын анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл дерек Қызылорда облысы Қазалы ауданында тіркелді. Ауданның 55 жастағы тұрғыны WhatsApp арқылы Жанқожа ауылында жергілікті тұрғынның коронавирус дертін жұқтырып, қалтырап ауырып жатқанын жеткізеді. Соның салдарынан ауыл тұрғындары үйлерін тастап қашып жатқанын аудиожазба арқылы айтады.

Дәл осыған ұқсас жағдай Сырдария ауданында да орын алды. Ауданның 36 жастағы тұрғыны WhatsApp желісі арқылы жергілікті тұрғынның нақты аты-жөнін айтып, оның қауіпті дертке шалдыққанын хабарлаған.

«Бұл деректер дереу тексерілді. Жедел іздестіру нәтижесінде мессенджер арқылы жалған ақпарат таратқандар анықталды. Олар өз әрекетін толық мойындады. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4 бөлігімен (төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да Қызылордада коронавирус жайында жалған ақпарат таратқандар анықталды


Соңғы жаңалықтар