+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қызылордада коронавирус вакцинасын салдырғандар қатарында ауыл тұрғындары көп

2021 жылғы 10 маусым 06:14
Бөлісіңіз:
Қызылордада коронавирус вакцинасын салдырғандар қатарында ауыл тұрғындары көп

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қазірге дейін 95 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды. Олардың арасында ауыл тұрғындарының саны көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны тағы көбейді Карантин: «Ashyq» жобасының 11 қатысушысы екі аптаға шеттетілді - Павлодар облысы Еуроодақта 12-17 жас аралығындағыларға арналған екінші Covid-19 вакцинасы мақұлданды

Өңірде бүгінде 800 мыңнан астам адам тұрады. Дәрігерлердің айтуынша, олардың 370 мыңнан астамы екпе қабылдауы тиіс. Бүгінге дейін облыста 95 963 вакцина қабылдап үлгерді.

Облыста тұрғындардың вакцина қабылдауына барлық мүмкіндік жасалған. Өңірде осы мақсатта 106 егу пункті, 39 жылжымалы егу бригадасы ашылған. Дәрігерлерден жасақталған бригадалар облыс орталығындағы «Қорқыт ата», «Aray City MALL» және «Жібек жолы» сауда орталықтарында бар.

Бейсенбіде облыста 2 мыңнан астам адам екпе салдырған. Бұрын олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, бюджет саласының өкілдері басым болатын. Қазір жергілікті тұрғындар тарапынан екпе қабылдауға ниет білдірген адамдар қатары көбейіп келеді.

Облыс орталығындағы «Сенім» ЖШС емханасы 23 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. Олардың арасында 15 мыңнан астамы ересектер болса, қалғаны балалар. Сондай-ақ, диспансерлік есепте тұратыны - 2 851.

Вакцинация басталғалы бері емхана дәрігерлері 2 049 адамға бірінші компонентті салды. Ал оның екінші бөлігін 796 адам салдырып үлгерген. Мұнда келген адамды әуелі дәрігер қарап, оператор оның деректерін модульдік базаға енгізеді. «Бұрын вакцина таңғы сағат сегізден кешкі алтыға дейін салынатын, қазір оның уақытын ұзарттық. Күні бүгінге дейін емханадан қызмет алатындардың басым бөлігі екпе салдырды», - деді «Сенім» ЖШС емханасы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Арғынбаева.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада коронавирусқа шалдыққан науқастардың 96 пайызы жазылып шықты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT