Қызылордада коронавирус инфекциясынан екінші адам жазылып шықты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 14 сәуірде коронавирус инфекциясынан екінші адам жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Емделушінің емі толық аяқталды. Екі мәрте тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі көрсеткендей, науқас дертінен толық айыққан.

Қазір елімізде коронавирус инфекциясынан жазылған 142 адам бар.

«Емделуші үйіне шығарылды. Ол Қызылорда қаласында тұрады. Емделуші енді 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады», - деп мәлім етті ведомстводан.

Айта кетерлігі, бүгін 14 сәуірде Қызылорда облысында коронавирус диагнозы қойылған науқас тіркелген жоқ. Қазір Қызылорда облысында бүгінге дейін аталған ауруға байланысты диагнозы нақтыланған 119 адам бар.

«Ескерте кететін жағдай, соңғы тәулікте Қызылорда облысына сырттан 15 азамат келген. Олар да бақылауға алынды. Сондай-ақ, облыс бойынша коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған 1489 азамат бар. Оның 828-і науқастармен тікелей қарым-қатынаста, 661-і жанама қарым-қатынаста болғандар. Барлық азамат жіті бақылауда тұр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов.


Соңғы жаңалықтар