Қызылордада Қорқыт ата туралы хрестоматиялық жинақ жарыққа шығады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Қорқыт ата туралы хрестоматиялық жинаққа жарыққа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш хрестоматиялық жинаққа «Қорқыт ата туралы аңыздар мен әңгімелер» деген атау берілген. Бүгінгі күндері бұл жинақ баспада дайындалып жатыр. Жақын күндері оқырманға жол тартатын болады.

Жинақта Қорқыт ата мұрасы, ол жайында жан-жақты мағлұматтар, сол мұраның зерттелу тарихы, зерттеудің қазіргі барысы мен бұл бағытта алдағы кезеңде атқарылатын жоспарлар баяндалған.

«Бұл зерттеу - Қорқыт ата мұрасын жан-жақты тану бағытындағы сүбелі еңбек. Қорқыт туралы ғалымдар 19 ғасырдан бастап жан-жақты зерттеу жүргізе бастады. Дегенмен, әлі де жарияланбаған деректер, ашылмаған құпиялар бар», - деді филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы.

Жинақта Қорқыт жырларының типологиясы, текстологиясы жасалған. Алдағы уақытта ғалымдар «Қорқыт ата - әлемдік тұлға: Ақиқат пен аңыз» атты монографияны жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Айта кетерлігі, жақында «Қорқыт ата» мұрасы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралары тізіміне енген еді.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылорда облысында балаларға арналған археологиялық лагерь ашу жоспарланып отырғаны хабарланды. Сондай-ақ,  биыл Сыр өңіріндегі Сығанақ қалашығын этонотуризм орталығына айналдыру жұмыстары жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар